Керек пе, керек жерде мақтана алам – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Керек пе, керек жерде мақтана алам» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Керек пе, керек жерде мақтана алам,
Ақын ғып, киелі ғып тапқан анам.
Жалғандық мен бар жерде жалт бұрылып,
Оңбайды аққа қара жаққан адам.
Ақынның ел алдында борышы бұл,
Борышсыз өлең әлі қоңысы тұл.
Шын ақын жағымпаз да, жалпақ та емес,
Әлсізге әрқашан да болысып жүр.
Лайық мақтанса ақын мақтануға,
Сұңқар жыр жүрегімде бапталуда.
Кезіккен жер бетінде жаманшылық,
Жырымен ақындардың тапталуда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері