Біреулер міндет артса асын беріп – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Біреулер міндет артса асын беріп» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біреулер міндет артса асын беріп,
Біреулер жүр менен өзін басым көріп.
Бармағы балдылар да наз айтады,
Жазғын деп мақтау өлең қасыма еріп.
Болады қайсысының ойлағаны,
Мастардың секілді ғой тойлағаны,
Мен үшін керек нәрсе, кім де болса,
Адамның адамдығын жоймағаны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері