Күйінемін мен кейде, күйінемін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Күйінемін мен кейде, күйінемін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күйінемін мен кейде, күйінемін,
Келтіре алмай тірліктің иін, ебін.
Шеше алмай қойдым-ау шідерімді,
Шешілмейтін не деген түйін еді?
Жадау күндер жаздырмай құлашымды,
Қысы-қыса қырықтан қыр асырды.
Бір бөгеттен өтсем де
Бір бөгеттің
Алдымды орап тұруы мұра сынды.
Ойым онға бөлініп, санам санға,
Бәйге атындай тарпынып, таң асам да.
Келер күннен үзбестен күдерімді,
Қамшы басып келемін қара санға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері