Жанып тұрған жалыннан жаралыппын – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жанып тұрған жалыннан жаралыппын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жанып тұрған жалыннан жаралыппын,
Даналықтан жаныма нәр алыппын.
Батырлықтың бойымда белгісі бар,
Белгісі бар тағы да балалықтың.
Өшіп барып өртене тұтанамын,
Қандай, қандай ғаламат күші адамның?!
Жанып тұрған жарқырап бұл өмірден,
Жанып тұрған қалайша күсе аламын.
Көлбеңдемей көлеңке қалқасында,
Еңбектеймін құзар шың жартасына.
Құлар болсам құладым, шықсам шықтым,
Қайратымның қажымас арқасында.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері