Қанатың тала көрмесін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қанатың тала көрмесін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қанатың тала көрмесін,
Маңдайың мейлі терлесін.
Жігерлі менің жерлесім,
Жалынды менің жерлесім.
Жүлделі болдың жасыннан,
Жүлдесіз болу ерге сын.
Қалқан боп тұрар ызғарға,
Кеудесін төсер мұз-қарға.
Өзіңдей ұл мен қыз барда,
Асады шыңнан шыңдарға
Арқау боп дастан, жырларға.
Қиындық талай кездесер,
Кездессе ерлер белдесер.
Бағы үшін туған елінің,
Бақытты болар терлесе ер.
«Бейнеттің түбі – зейнет», – деп
Айтпаған баста ел бекер.
Жолынан әке танбаған,
Ерлігін өлмес жалғағын.
Асулар қанша алда мың,
Артамын деген салмағын.
Қыранның ұлы қыранша,
Бұдан да биік самғағын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері