Сарғайғалы жапырақ

Бұл бетте «Сарғайғалы жапырақ» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сарғайғалы жапырақ жатыр
үйдің алдында ,
Қара суық, сары уайым
сергелдеңге салды да.
Жапырағынан айырылған
қара талым секілді
Жас жүрегім тоңазып,
лүпілдейді солымда.

Бір тал қалған жапырақ
үмітімдей секілді ,
Үкілеген үмітім қара талға
бекінді.
Сені іздеген жанарым
Жел өтінде өкінді...

Әне , әкетті үзіп а(лы)п
жанарымның шуағын,
Үзік үміт қайтадан жалғанса
деп тұрамын.
Желмен бірге тұтасқан
бейне көрсем әйтеуір
Мені іздеген сен бе деп ,
тұталады шырағым...

Мені іздеген сен бе деп ,
тұталады шырағым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарғайғалы жапырақ өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

Сарғайғалы жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарғайғалы жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасен Мөлдір Жұмабайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарғайғалы жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері