Атқанша таң

Бұл бетте «Атқанша таң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Атқанша таң,
Жиекке батқанша Күн
Байыз таппай өзiңдi тəттi аңсадым.
Көз алдымнан кетпедi,
жар көрпесiн
жарым түнде жамылып жатқан шағың...
Кiрпiгiме iнжуiн iлгендей мұң,
Өң мен түстiң iшiнде жүргендеймiн.
Əнтек ашық алқызыл ерiнiңнен
Айта алмаған сөзiңдi бiлгендеймiн.
Қоштасқаның есiмде қимай ғана...
Көзiм алды – көкмұнар, мидай дала.
Өзге түгiл беймəлiм өзiме де
Үйдi айнала бергенiм, үйдi айнала.
Аман жүрек,
сау жүрек,
есен жүрек
қалса қайтем қапыда есеңгiреп?
Бiр өкiнiш өзекте өкситiндей:
«Кезегiңдi өткердiң, кеш ендi» – деп.
Өксiп жатыр,
келгенмен тұншықтырғым.
Жан жарасын несiне ушықтырдым?
Саған қарай ұшатын сыңайы бар
Жүрек құрғыр кеудемнен ыршып бiр күн!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атқанша таң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Атқанша таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атқанша таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атқанша таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері