Гаухарға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Гаухарға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1135
Гаухарға
Ауырма,
Ешқашанда ауырмашы!
Санаңды сауықтырсын Сəуiр басы.
Адамдар бiр-бiрiнiң тiлеуқоры,
Адамдар бiр-бiрiнiң бауырласы.
Айтпайық сен де, мен де ауырдым деп,
Алда əлi бiз көретiн тəуiр күн көп...
Жұмағы тiршiлiктiң тəрiзденiп
Шығады бүгiн-ертең сəуiр гүлдеп!
Аңқылдап əлдеқайдан самал есер,
Мың-сан гүл баһар ашып далада өсер!..
Жалт ойнап Жаратқанның жанарында,
Жарылқар жер-жаһанды қара нөсер!
Сəрiнiң сауырынан саулап арай,
Шашырар Күн шапағы тауға қарай.
Көзмоншақ көлшiк тұнып көшелерде,
Қалмай ма бiр тазарып аула, маңай?!
Ұласар сəуiр соңы маусым айға,
Апырай, тырналардың даусы қайда?
Көк тасы Самарқанның ерiгенде,
Орнынан бiр қозғалмай тау шыдай ма?!
Мезгiлдiң айта берем қай мiнезiн? –
Ол сенiң мұңлы мекен – ойлы көзiң.
Мүбада маған, жаным, кезiксе еттi
Арбайтын Айдың өзiн Лəйлi кезiң...
Ауырма,
Аман болсын бауыр, бүйрек.
Айтпайық сен де, мен де ауырдым деп.
Жалғаны Жаратқанның жалт бермесе,
Алда əлi бiз көретiн тəуiр күн көп...
Ауырма, айналайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гаухарға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Гаухарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гаухарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гаухарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері