Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi?
Елiгiм неге iшiңнен табылмады?
Шынымен көкiрегiме көшкенi ме
Апайтөс Алатаудың қалың қары?
Домбырам, неге сонша зар иледiң?
Сазыңа жұбана ма сəби көңiл?
...Кiрпiгiн терезелер əлсiз қағып,
Бiртiндеп сөнiп жатыр шамы үйлердiң.
Жақсы ма жайылғаны бойға дерттiң? –
Оңаша өзiң жайлы ойға кеттiм...
Екi кеш арасында, қарағым-ай,
Қалдырып тұрағыңды қайда кеттiң?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері