Адал достық жүрмейді айырбасқа –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Адал достық жүрмейді айырбасқа» атты Исраил Сапарбай жазған достық туралы өлең берілген.
Адал достық жүрмейді айырбасқа,
Қайта айналып келместей қайырласпа.
Өткен есте қалады, кеткен есте...
Өзім деген жандармен өкпелеспе.
Көгерсін деп адамға, көңіл берген,
Көбейсін деп адамға өмір берген!
Кеңейтпейді кеңсеңді пендешілік,
Көрсетіп қайт еңсеңді елге шығып.
Естен танып жүрмегін ел мақтаса,
Сылып таста – көзіңді шел қаптаса!
Ауру алар еркіңді, ем көрмесе,
Қуып таста – кеудеңді жел кернесе!
Кірпияздау келеді тақ та, бақ та,
Кім табылмақ қасыңнан қат-қабатта?..
Құлдығы бар жандарға құлаққағыс:
Қас пен достың арасы бір-ақ қарыс.
Кері айналса дүние дөңгелегі,
Тəңірдің де тарылар кең көлемі.
Арыз айтпас көп жұлдыз Айға шұбап,
Жарық күнге не жетсін жаймашуақ!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі