Бұл бетте «Бір иіскеп шашыңнан» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір иіскеп шашыңнан,
Ғазал өріп кетермін.
Жазығымды жасырған,
Қарызыңды өтермін.
Гүлден өрген тәжіңді,
Есіме алсам егілем.
Айта жүріп назыңды,
Қоштасыпсың менімен.
Аңсап шексіз зеңгірді,
Өзімді-өзім алдаппын.
Сен сүйетін зер гүлді,
Мен құрметтей алмаппын.
Жігін шағып жанымның,
Жылап ақты жылғалар.
Тәспісіндей Тәңірдің,
Тізбектелді тырналар.
Мен де жатам қамығып,
Еске түсіп жайраң кез.
Күрең күзге зарығып,
Күрсінбеші айнамкөз.
Енді бөлек гүлдейсің,
Емес бірақ бақта бұл.
Арманымды білмейсің,
Аққуым-ай ақкөңіл!!!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі