Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң

Бұл бетте «Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1412
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң.
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
...Еңiсте жатқан саған еңiреп кеп,
Ұсынып тұр екенмiн үсiген гүл.
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң...
Жүрегiм пəршаланып жас тəнiңмен,
Тарылып сала бердi-ау аспаным кең.
Жасыммен жанар толы, жақпар-жақпар
жартасқа қарай бердiм жасқанумен.
Сүңгiдей сұсты, суық құз қапталы
Қайғыма селт етпедi, мiз бақпады.
Ешкiмнiң қаперiне келер емес
Еңiсте мұздап қаны қыз жатқаны.
Жылатып, еңiретiп бастауын бар
Деп едiм қыз қазасын тас та ауырлар...
...Шөпте шық жылтырайды,
Тоғжан қыздың
төгiлген моншағындай шашбауынан...
Ақша бұлт – орамалы көкте қалып,
Қалқамның құздан ұшып кеткенi анық.
Тарқалған бұрымындай тау өзенi
Барады əлдеқайда беттеп ағып...
Мызғиды мiз бақпастан құзың мына,
Көзiмнен жас тамады жүзiң жуа.
Жаның ба – ұшып кеткен қызғыш анау?
Қаның ба тасқа тамған қызыл қына?
«Қарашы желдiң ерке желiгуiн,
Қарашы гүлдiң жерге төгiлуiн?..»
Естiмей жүрегiмнiң егiлуiн,
Еңiсте жаттың сұлық, Еңiлiгiм...
...Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң,
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
Безбүйрек емеспiн ғой, мен де сенiң
сағынып жүрегiңдi түсiнермiн...
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері