Ешкімнің де мақтауы мастандырмас – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ешкімнің де мақтауы мастандырмас» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Ешкімнің де мақтауы мастандырмас,
Ешкімнің де даттауы жасқандырмас.
Жылап келіп,
Өмірден жылап өтер
Жетімегін Жер-ана аш қалдырмас.
Ешкімнің де үлгісін керек етпен,
Абай барда алдымда өнеге еткен.
Жұлдыз басып құтылмас жүзін жерден,
Жарық қашып құтылмас көбелектен.
Жарықпын мен!
Сөнермін барып-барып,
Арманыма жеткенде арып-талып.
Ақ-қарасын жаныңның анықталық:
Шық, жарқыным, жаныңды жарыққа алып!
Жарықпын мен!
Белгілі бір сөнерім...
Сөнгенімше жаныңа нұр себемін!
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ»,
Қолдан шығып кеткенше білсең едің...
Жолын жалғап жалғанда жақсылардың,
Бақ сынармын,
Кім білсін, шарт сынармын!..
Ұзатылған қыздайын өлеңімнің
Кімге сеніп тағдырын тапсырармын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешкімнің де мақтауы мастандырмас өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ешкімнің де мақтауы мастандырмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ешкімнің де мақтауы мастандырмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ешкімнің де мақтауы мастандырмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері