Жүрек байғұс бүлкiл қағып

Бұл бетте «Жүрек байғұс бүлкiл қағып» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Жүрек байғұс бүлкiл қағып,
Тiл қата алмай тылсым жанға,
Құлын мүшең ырқымды алып,
Құлқым қанып... құлшынғанда,
Сиқыр сезiм сылқымданып,
Сырт бермекке ыршынғанда,
Ғашықтықтың ғұрпын бағып,
Қыз баладай қымсынғанда –
Өбек қағып, өбiп барып,
Өрттей өршiп, өлiп-талып,
Тiлегiмнiң мың мақамы
Тiл ұшына келiп қалып,
Гүлжұмақтың Тоты құсы
Көлiмнен де, төрiмнен де
Гөзал түспен көрiнгенде,
Көктем мен жаз өларасы,
Көкжиек пен көк арасы
Тiгiсiнен сөгiлгенде,
Гүлғызардың көмейiнен
Сиқырлы саз төгiлгенде!
Тəн мен жанның шекарасы
Шексiздiкке шегiнгенде –
Көзiмдi ашып, есiм жисам:
Дəл сендей қымсынып,
Дəл мендей құлшынып,
Көкке қолын ұмсынып,
Күн шығып келедi екен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек байғұс бүлкiл қағып өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жүрек байғұс бүлкiл қағып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек байғұс бүлкiл қағып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек байғұс бүлкiл қағып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері