Құстарым – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Құстарым» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құстарым,
жандарым,
қош келдіңдер!
Сендерді қалай күткенімді білсеңдер ғой;
Әр сәт сайын
мағына берем деп уақытқа сүрініп жүріп –
көкке қарауым,
кеңістікті толтырған қауырсындардың қағысын іздеуім,
сарыла күтуім әдетіме айналды.
Соның арқасында
небір кереметтерді көк жүзінен байқадым,
өзімді де тани бастағанымды жоққа шығара алмаймын.
«Мен кіммін?» – дейтін ем
бұтаның жатырына біткен бүр туа бастағанда;
Сонда ғана өзімнің адам кейпіндегі құс екенімді аңғардым.
Мен де ұшуға құмартып,
«Жылы жаққа» асығамын.
Ием бақшасын безендіру үшін шыбық ұшына қонақтап,
Егемнің Атын қайталаумен күндіз-түні сайрағым келеді...
Ажал-бала тас лақтырады деп қорықпаймын да.
Түсімде қанат қаққан күйі қалғып,
мәңгілікте құс боп оянып кетуім де мүмкін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құстарым өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Құстарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құстарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құстарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері