Бөрі жүрек Айға ұлиды – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Бөрі жүрек Айға ұлиды» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көрдім сенім ақ жүзіңнен еркелеген,
Көрмей сезім бұрылдың-ау ерте менен.
Бекежанның оқ жанары садақ болып,
Қыз Жібектен айрылды ғой ер Төлеген.
Көңіліңнің мұңын ағыз, жырын ағыз,
Достық сезім құшағына жылынамыз.
Үш жүректің үшіншісі, артығымын,
Үш ай бойы қонақ болған жылына күз.
Ұтылыс көп бұл тағдырдың ұтарынан,
Бақытыңды ғашығыңның күт арынан.
Танауымда әлі күнге гүлдің иісі,
Аңқып тұрған тамағыңның жұпарынан.
Мән бермеші сүйем деген сол сөзге де,
Сүйіктіңнен қызғанамын әр кезде де.
Дос боп мәңгі болсақ дейсің шал мен кемпір,
Мен шалыңнан қызғанар ем сол кезде де.
Бәрі өтті, бәрі кетті, бекер емес,
Сағымданған қиял сәттер, өтер елес.
Махаббаттың пойызына мініп кеттің,
Тұлпар жүрек екпіндейді, жетер емес.
Сені көрсе адасады айла кілең,
Мен сондамын, қайда күз, қайда күрең?
Жанарыңнан көріп жүрген жарық сәуле,
Енді мұңда, мекендейді Айда білем.
Сені көрем келбетімнен айна қылып,
Мен кілттеген жүрегіңде қайда құлып.
Түннен қорқам...
өртенеді жұлдыз мұңым,
Жоқтап сені бөрі жүрек Айға ұлып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөрі жүрек Айға ұлиды өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Бөрі жүрек Айға ұлиды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөрі жүрек Айға ұлиды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөрі жүрек Айға ұлиды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері