Алқаптарда ақ боран ақияды

Бұл бетте «Алқаптарда ақ боран ақияды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1003
Алқаптарда ақ боран ақияды,
Арбасармыз екеуміз бақи, әлі ...
Құтырғанда бұл заман,
Тым байсалды,
Аралап жүр ақсақал тақиялы.
Екеуміз де жұлынған сап тынамыз,
Демімізді баса алмай аптығамыз.
Біз тынып ек, мына әлем ұйыды да,
Қара шалдың маңынан тапты маңыз.
Ес жиылып, Абызды маңайладық,
Егесіміз ұмтылды талайғы анық.
Аман-сәлем болған соң қысқа ғана,
Әлгі ақсақал сөйледі сәл ойланып.
– Жүрмісіңдер жарысып, жанталасып?
Шамаң барда шынында қал таласып.
Ақ боранда парық жоқ, ақымақтау,
Жұртың сенің жанықты, қалқам, асық!
Осы әңгіме толғантты танаптағы,
Тұрған едім тәмсіл сөз қалап тағы.
Қызырым жоқ, Қазақтың даласында,
Бөрі шулап, ақ түтек жалақтады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алқаптарда ақ боран ақияды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Алқаптарда ақ боран ақияды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алқаптарда ақ боран ақияды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алқаптарда ақ боран ақияды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері