Ақшаның буы – Махамбетәлиева Зере

Бұл бетте «Ақшаның буы» атты Махамбетәлиева Зере жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Оларға керек ақша мен атақ,мансабың,
Қарағым оны жетісіп не үшін аңсадың.
Еліңе көмек тигізер сəтте ақшаның
Буына мас боп сол кезде неге шаршадың.

Кеудеңді керіп не табасың бұл өмірде
Əрбір істері тиеді қатты көңілге.
Осындай жандар көбейіп жатыр білсеңіз
Артып барады тіпті сандары күніге.

Болсада ақшаң өмірге мына жетпейді,
Жинасаңыз да əр сағат сайын көп мейлі.
Опасыз,сатқын,арсыз болған жандарды,
Отаның мынау ешқашан керек етпейді.

Пайдалы іс қыл адал боп мына Отанға
Дұға қыл тіпті ұйқыға күнде жатарда
Бұл өлеңнен соң есіңді жиып ойлансаң
Перзент бол нағыз көмектесетін Отанға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері