Ұлылардың тағдыры

Бұл бетте «Ұлылардың тағдыры» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жер астына қашып кірдім надандардан,
Әлкім ашып, дұға тілеп мірдандардан.
Қожа Ахмет Иасауи

Өту қиын бұл фәниден жасқанбай,
Еш кінәсіз тиер басқа тас қандай?!
Қожа Ахмет Иасауи де аттанды
Топастардан жер астына қашқандай.
Мақтан етер алты Алашым ту қылып,
Сан арыстар кешті сұмдық, мың бүлік.
Мағжан аға, Сәкен, Ілияс, Бейімбет
Оққа ұшты ыза-кекке булығып.
О, заман-ай! Ала қолды пәлең де
Перде жапты көзбояғыш мәнерге.
Тоқтата алмай жарылысын жүректің,
Кең жалғанға сыймай кетті Сәбең де.
Талмаураса ақ қағазға түйіліп,
Жан баураған жыр гауһары үйіліп:
Тірі жанға еш жамандық тілемес
Мұқағали өтті өмірден күйініп.
Сергек денем осындайдан суыған,
Тебіренем өлең өртеп, буып ән.
Тым тарылтқан ұлылардың тағдырын
Сұм жалғанның сырын қалай ұғынам?

02.03.2000


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлылардың тағдыры өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ұлылардың тағдыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлылардың тағдыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлылардың тағдыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері