Қырсық Тұрар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қырсық Тұрар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көп боп емле қатесi,
Диктантынан «бiр» алды.
Мұны бiлiп атасы,
Жазалады Тұрарды.
Астамшылық қылды ма,
Апасы ашу шақырды.
Сөйткен Тұрар тұрды да,
Екеуiн де қатырды.
Оқта-текте келетiн,
Қырсығы оның ұстады.
Күнде оқып беретiн,
Қойды оқымай «хиссаны».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері