Көріпкел – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Көріпкел» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таңдана бер таңдансаң,
Алдымда тұр қандай жан.
Берем əдiл бағасын,
Iскерлiгiн, шамасын.
Жанмын өзiм көрiпкел,
Сенбесеңдер келiп көр.
Бiрақ шартым, келiсiм,
Көрсетсiн тек ол үшiн:
Етiкшi –
тiккен етiгiн,
Темiршi –
жонған тетiгiн,
Тiгiншi –
пiшкен көйлектi,
Оюшы –
құрған өрнектi,
Малшы –
баққан қойларын,
Жолшы –
салған жолдарын.
Ал оқушы баланың
Бiлем,
Қалай талабын?
Күнделiгiн аламын,
Бағаларын қараймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері