Кімнің қатесі? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кімнің қатесі?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Мына сия көк пе?
– Көк.
– Мына қарындаш көк пе?
– Көк.
– Аспан көк пе?
– Көк.
– Шөп көк пе?
– Көк.
– Жоқ!
– Неге онда «көк» дейдi,
Көк жапырақ дейдi.
Шындығында жасыл, – деп,
Өзеурейдi баласы, –
Мiне, түсiн қарашы!..
Жауап таппай осыған,
Қиналады əкесi.
Осы кiмнiң қатесi?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері