Көңілім

Бұл бетте «Көңілім» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тасқын едім, шалқыған тұнық та едім,
Осы күні көңілім сынық менің.
Беу, тағдырым!
Бір тыным бермедің ғой,
Сүріндірсең, сыр бермей тұрып та едім.
Арпалысқа үйірмін құлын күннен,
Кейде алмасып кетеді күнім түнмен.
Есерлердің сақтай гөр саяғынан,
Есті тентек жақсы еді сырын білген.
Жасқанамын достан да, дұшпаннан да,
Сескенемін өзеуреп құшқаннан да.
Қара бастың әркім жүр қамын ойлап,
Зәру болдым мұңымды ұққан жанға.
Беу, домбырам!
Кел, қосыл, алаңдама!
Сыр бүгу жоқ жалғанда саған ғана.
Талапайдан кейбіреу байып жатыр,
Талай тарлан іздеп жүр табар пана.
Күннен-күнге қарыштап, үдеулі едім,
Кілт тоқтадым алғандай біреу кегін.
Ел қабағы тезірек ашылса екен,
Сонда күйім түзелер жүдеу менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері