Көктемгі сағыныш – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Көктемгі сағыныш» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Салқын леп жұпары — сағыныш,
Сезімің еседі тоңдырып.
Қанатың шаршаса ұшудан,
Кеудеме аласың қондырып.
Жанарда тығылған бір маржан —
Мендегі ұялшақ соңғы үміт...
Жалғыз ай, жалғыз мұң, бір жүрек,
Терезе сыртынан аңдиды.
Ақ тәнді аймалап Ай нұры,
Сағыныш жұпары аңқиды.
Мас болып сезімге көкте Ай,
Жерде мен,
Екеуі қаңғиды.
Сан мың от жарық боп түнекке,
Сан мың мұң жанады әйнектен.
Бұлттарға байлап-ап ақ жібін,
Өкпелеп өмірге Ай кеткен.
Сезімнің гүлдері жайқалған,
Солды ғой...
Оралмас қай көктем?..
Мұң ішіп төсінен мезгілсіз,
Айдың ақ анарын емгенмін.
Махаббат мен сені өлтіргем,
Түбіне жүректің көмгенмін.
Тіріліп келер деп ойлап па ем,
Бақилық сол сезім, өлген мұң.
Кешірші, сол сұлу, ертіп-ап
Көктемнен күзге мен қалдырдым.
Сағымнан сарайды тұрғызып,
Мұңдардан қамалды салдырдым.

Мен жүрмін бір жылу таба алмай,
Астында көктемгі жаңбырдың...
Кірпігі ілініп Күн қыздың,
Маған кеп тірейді жағын түн.
Өзімді өзіңмен жоғалтып,
Сараңдау тағдырға бағындым.
Сендегі жұпар бар көктемде,
Мен сені тым қатты сағындым,
Сағындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемгі сағыныш өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктемгі сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемгі сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемгі сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері