Жоғалмас байлық – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Жоғалмас байлық» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жылады, жас жүрек жылады,
Сөнгендей кеудемде шоқ үміт.
Құлады, от жұлдыз құлады,
Қап-қара аспанға шомылып.
Тұрады, сенемін тұрады,
Жоғалмас шыңдарға соғылып.
Сыңғырлап сезімнің сыр үні,
Кеудемнің алады мазасын.
Гүлдерден жасалған бұрымы,
Таудағы өзенсің, тазасың.
Жүректі жоғалтқан ұрыны
Мұңайған тоғайдан табасың.
Жүректің керегі шамалы,
Байлық жоқ, сенделген мұң ғана.
Мұңменен салынған қамалы,
Жан-жағы құла дүз, құм, дала.
Жұлдыз бар дос болған саналы,
Түсінген жүрегін түн ғана.
Жоқ, досым! Жүрексіз жүрмеймін,
Көнбесін көңілім құмартып.
Тас кеуде, шөл дала болмаймын,
Өтсем де өмірден мұң артып.
Жүрексіз атақтан, байлықтан
Мұңайған жүрегім мың артық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғалмас байлық өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жоғалмас байлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғалмас байлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғалмас байлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері