Жыр келмесе – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жыр келмесе» атты Айтқали Нәріков‎ жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2253
Бір жұмбақ ой мазалап неше күннен,
Шаршап жүрмін, соны әсте шеше білмей.
Қаламымды қолыма ұстатқызды,
Жеті түнде жұлып aп төсегімнен.
Жарым жатыр тәтті ұйқы құшағында,
(Оның ешбір ісі жақ құса-мұңда).
Ал мен болсам отырмын кірпік ілмей,
Көкірегімді кернетіп күш-ағынға.
Қиын екен жыр келмей, аңтарылған,
Шапшып шығып кетердей қан тамырдан.
Қалам ұшы қадалды бір нүктеге,
Сәйгүліктей қазықта қақтарылған.
Қиналумен қанша әлі күн өтеді,
Сарқылдым ба, апыр-ау, бұл не тегі?
Өлең тумай өзегім өртенгенде,
Күдік келіп көңілімді жүдетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр келмесе өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жыр келмесе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр келмесе өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр келмесе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері