Қан

Бұл бетте «Қан» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 701
(Қ. Аманжолұлына)

Борбай еті борша боп
боздай көшкен ел едік,
Жылай-жылай нұры да
тайған жәутең көз едік.
«Қарным ашып»,
қабырғам қайысқанда Құдай-ау,
Арса-арса арқа етті жемегенім жөн еді...
Білер дейсің кім оны?..
Қанда кеткен қарғысты,
Тұңғиыққа тартады-ау
таңдайдағы «дәм» күшті...
Жиырма жыл ойнадым
қос қолымды көтеріп:
«Ұшты, ұшты, арба ұшты,
ұшты, ұшты, арба ұшты»...
Сол көтерген қолымның
қан саулайды сыртынан,
Бір үрейлі түс көріп
жатқандай-ақ бұлқынам...
«Қасым бала не білер» деп
көсілген көкемнің,
Қан көремін, о, тоба,
қан көремін ұртынан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қан өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Қан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері