Кертолғау

Бұл бетте «Кертолғау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 918
Мәңгілік тоқтап қалған
уақыттың демін сезіну –
Қаншалық азап болса да,
Керемет, ғажап!..
Өмір мен өлім үзігіндегі Ұлы сағыныш –
Бәлкім ол біз айтып жүрген
Обал мен сауап.
Қою орманға сүңгіген жалғыз аяқ жолдың,
Жалбызы бұрқырап түйсікке ұратын...
Әттең, сол аумақты қанша шарласам да,
Баяғы таңғы шапақпен жүзіңді жуасың.
Тоқтап қалған.
Мәңгілік тоқтап қалғаны рас,
Жанарда қатқан сарғыш тартқан
жапырақ дірілі.
Өтіп барамыз... кімді, қайда қалдырып...
Қолымда үзіліп түскен уақыттың бұрымы...
Таң бозынан оянып
бір шумақ өлең арнадым,
Кірпікке байланған тамшыдай зілмауыр.
Құсы да сайрамас жасыл көшенің,
Еске алып өмір сүретін –
Мәңгілік тоқтап қалған бір дәуір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кертолғау өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Кертолғау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кертолғау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кертолғау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері