Бұлбұлмен бірге оянған

Бұл бетте «Бұлбұлмен бірге оянған» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2960
(М. Б.)

Шаштарына сәуле түскен күмістен,
Әділетті жақтағанда — үні үстем.
Мүмкін оның, бірнеше күн үй көрмей
Жүруі де қызметпен, жұмыспен.
Ол өмірден талай жұмбақ сырды ұқты,
Сақтамайды көңіліне кір, дақты.
Кім болсаң да, жүрегіңе зер салып,
Кім болсаң да, бетке айтады шындықты.
Түсінеді парасат пен парызды,
Түсі қатал, үңілсеңіз — жаны ізгі,
Түйсігі мол, көзқарасы мейірімді
Жұлдыздардан түскен жарық тәрізді.
Қашпайды ол берекесіз бос күнге.
Сүйе алады тіршілігін кештің де.
Шаршайды ғой, шаршамайды дейсің бе,
Тірлік соны сездірмейді ешкімге.
Ұсақ-түйек сөзге көңіл бөлмейді,
Досың жаман деген сөзге сенбейді.
Ол бар жерде дәрі іздеме, ауырсаң,
Қарапайым қамқорлықпен емдейді.
Іздемейді сәннің ең бір жаңасын,
Әңгіме айтса, бір тағлым табасың.
Дүниенің құныменен өлшемей,
Тіршіліктің біледі шын бағасын.
Ауырлығың жатса да өмір артып көп,
Мойымайды.
Өнегесі — тәртіп тек.
Гауһар тастың мың құлпырған жарқылын
Ойламайды таң нұрынан артық деп.
Бұл әдетін қалай енді қоя алар.
Сылқым емес, көп таранып боянар.
Адамдардың қамын ойлау — басты ісі,
Кеш жатса да бұлбұлдармен оянар.
Мақтанбайды жұрт алдында тасып түк,
Ұнамайды оған жаман жасықтық.
Бұлбұлдармен бірге оятқан күш оны —
Тіршілікке деген нағыз ғашықтық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлбұлмен бірге оянған өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Бұлбұлмен бірге оянған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлбұлмен бірге оянған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлбұлмен бірге оянған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар