Бақыттымын мен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бақыттымын мен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4427
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Сағынып келем,
Қамығып келем.
Өзіңді аңсап,
Асығып келем.
Асыл жарым сен,
Қасыңдамын мен.
Өзіңмен, жаным,
Бақыттымын мен.
Еркетайым-ай,
Көркем айым-ай.
Сенің көзіңнен
Бақыт сезінем.
Жанды тербейсің
Жарқын сөзіңмен.
Сені ойлаумен,
Талып көз ілем.

Қайырмасы:
Сүйемін сені,
Сүйіктім менің.
Өзіңсіз, жаным,
Атпайды таңым.
Күнім де сенсің,
Гүлім де сенсің.
Сәнім де сенсің,
Әнім де сенсің.
Қайда барсақ та,
Айға қонсақ та,
Боламыз бірге,
Сонда қалсақ та.
Күндіз де, түнде
Боламыз бірге.
Бөгет болмайды,
Алла қолдайды.

Қайырмасы:
Өзіңмен, сәулем,
Қызықты дәурен.
Көңілім шуақ,
Өмірім жұмақ.
Сен үшін, жаным,
Жеткенше әлім,
Жасаймын бәрін,
Жасай бер, әнім,
Жасай бер, жаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыттымын мен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бақыттымын мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыттымын мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақыттымын мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері