Қайық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қайық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2592
Көлшікте қайық жүздіріп,
Қызыққа Болат шын батты.
Күн, бірақ, қатты қыздырып,
Шалшықты лезде құрғатты.
Қайығы қалып қайраңда,
Тап-тақыр болды төңірек.
Қана алмай Болат сайранға,
Жылады сонда еңіреп.
Көзінің жасы бұршақтап,
Көрмеген бұрын сел болды.
Жаңағы жерде бір сәтте-ақ
Тағы да таяз көл болды.
Қайығы жүзіп қалтаңдап,
Қайтадан Болат шаттанды.
Көлшікті кезіп талтаңдап,
Кеудесін кере мақтанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері