Әулет балладасы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әулет балладасы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1466
(аударма)

Әулетімнің жүз жолы бар - жүз үміт,
Жасы жүзде, тармақтары - жүз әлем.
Біздің көне табалдырық мүжіліп,
табандардың тапауынан тұр әрең.
Болғанымен тауым асқақ, жерім кең,
Әр соқпағым - тарихымның парағы.
Мына ғасыр жүз Дауылға жегілген
боз үйімді солқылдатып барады.
Қара жаңбыр нөсерлетіп, тосса сыз –
Нұр кейпімді суалтуды ойлайды.
Бірақ менің қаным ешбір қоспасыз,
ол ешқашан қасиетін жоймайды.
Үрім-бұтақ - немереде енді үміт,
тәй бас, батыл жүр, ұлым!
Жалғыз аяқ соқпақтармен сен жүріп,
жалға менің әулетімнің ғұмырын!
Жүз ғасырлық заман жүгін кешті ауыр,
тұқымымды жүдетті де сан қырғын!
Құрта алмайды, қырқа алмайды еш дауыл
тамыр-нәрін туған әулет-халқымның.

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әулет балладасы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әулет балладасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әулет балладасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әулет балладасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері