Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1857
Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға...
Жан құрбым жүр сене алмай.
Ар сәулесі шағылған шарайнада,
Дидарымды көре алмай.
әбден әуре болдым –ау...
Қалай ғана
еш алаңсыз сырласамыз енді біз?...
Түйсігіме тым басқаша ендіңіз.

Сізді сүю –ағаттық. Аға, шыным...
Сезбей мүмкін өтерсіз.
Менің дархан мінезді жанашырым,
Кешіре алар ма екенсіз.
Ессіздікке баларсыз...
Бекер сіз
кезіктіңіз көзіңізде мұң ұйып,
Жұмбақ және тым сүйкімді жымиып.
Сізді сүю қылмыс па?.. Мүмкін бәрі...
Өзімді –өзім кінәлау.
Жүрегімнің сіз жаққа ұмтылғаны
адасқаны шығар-ау...
Айтыңызшы, қайтемін,
Мына алау
Алаңдаймын өртеп тынар ма екен деп.
Қиялым жүр құшағыңды мекендеп.
Ойлайсыз ба бекер деп?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері