Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді» атты Әлия Дәулетбаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 803
Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді,
Алғызған мұңды есіме.
Сіз ылғи жетелейсіз неге мені,
Есеппен күн кешуге.

Сіз неге көрсетесіз осы маған,
Тірліктің амалдарын.
Өмір ме... толқымаған, тасымаған...
Ақылды бола алмадым.

Одан да үйретіңіз өртенуді,
Өзгеше кейіпке еніп.
Болыңыз ең әсерлі ертегімнің,
Әдемі кейіпкері.

Теңіздей дауыл күткен тына қалсам,
Сіз әлде үркермісіз?..
Еңіреп ағыл-тегіл жылап алсам,
Жасымды сүртермісіз?..

Қапыда майыстырсам қанатымды,
Білмеймін... аярмысыз?..
Ақ түске бояп қойдым қара түнді,
Қайдасыз? Ояумсыз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері