Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1563
Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз,
Өлеңіме сене берме, ол да мендей ақылсыз.
Күйбең күндер бояп қойған көлеңкелеп, көлгір ғып,
Күлкімдегі жоқ баяғы риясыз мөлдірлік.
Тірлік қанша тартқанымен жігеріңе құм құйып,
Бәрін ұмытып кетесің ғой шақырғанда бір биік.
Саған қарай ұмтыламын қажытқанда санамды ой,
Сезімі жоқ күннің бәрі сағынышқа сараң ғой.
Жоқ қып мені жібереді мазалы кез, тоқмейіл,
Көшіп жүрсе қандай жақсы, кеудемдегі көп киік.
Мүлгіп жатқан медиенде құйын ойнап өткендей,
Жасынымен жасқандырып, тентек нөсер төккендей,
Саған ғашық болсам қайтед, қауіпсіз һәм күнәсіз,
кейіпкерім,
кезіккенде ылғи күліп тұрасыз.
Кейіпкерім, қайтем сені... бақытты һәм батылсыз,
Өлеңіме сене берме, ол да мендей ақылсыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиял өртеп тұрғанымен, кейіпкері батылсыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері