Саяхатта

Бұл бетте «Саяхатта» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3258
Саяхаттап келеміз
Туған жердің төрінде.
Кекке жетіп төбеміз,
Ән келеді көңілге

Қайырмасы:
Байтақ дала, бай дала,
Көз жеткісіз айнала.
Саяхатта, сайранда

Қуанышты қайда да.
Аққу, үйрек, қаз қонып
Күйге толған көлдері.
Маңырайды мәз болып,
Малымыздың төлдері.

Қайырмасы:

Қырда қызыл қызғалдақ,
Жұпар исін шашады.
Тыңдағы егін тұнған бақ,
Жайқалады масағы.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саяхатта өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Саяхатта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саяхатта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саяхатта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері