Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1563
Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ,
Тағатымнан үзеді тамыз моншақ.
Сіз айтатын сабырсыз ертегі мен
күз айтатын әдемі аңызды аңсап.
Сіз де жеріп бәрінен, мен де жеріп,
Сыбырына жүректің сенбеп едік.
Қарашыққа қамаған маржан сынды,
Тамыз, тамыз барады дөңгеленіп.
Тамыз, тамыз барады күзге ұмтылып,
Қимас сырға көрсекші біз де ынтығып.
Сіздің жанар тентектеу иірімі,
Біздің жанар сағыныш жүзген тұнық.
Жуықтауға дәрмен жоқ жырақтауға,
Ұмытуға дәрмен жоқ ұнатпауға.
Ешкім уәде берген жоқ алдамауға,
Ешкім уәде берген жоқ жылатпауға...
Жолаушыдай кешіккен кемесінен,
Жағалауда сап жүрміз неге сүрең?..
Бізсіз дағы ессіз ғой мына дүние,
Болайықшы ақылды келесі де...
Жарай ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңдайымнан тәтті уды тамызған шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері