Киікөлген – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Киікөлген» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 747
Жаназа күйін шертеді дала,
Жайғанда шашын жел-құйын.
Өзекті сосын өртеді нала,
Шертеді дала шер күйін.

Арманы түскір адыра ма екен,
Аспаны айғыз байтағым.
Аңыра бөкен, маңыра бөкен,
Шырқыңды қалай шайқадың?!

Аңыра, бөкен,адасқағым-ай ,
Ажалға қалай ұрындың.
Дертіңді ұқпай адасқаным-ай,
Алқынып неден жығылдың?..

Өзгеше неге суық бұл көктем,
Оғынан кімнің құладың?
Көзіңнің жасы сіңіп бір кеткен
Құн сұрап жатыр құба қыр.

Көктемім қайда құралай өрген,
Бұл сорды неге жорыдым?
Жанына сауға сұрамай өлген,
Жанары нәркес момыным.

От тұяғыңды тасқа бастың ба,
Ордамнан көшіп барасың.
Жердің үстінде, аспан астында,
Ақбөкендердің моласы.

Аңсайды дала баяғы бағын,
Жетімек ойға жаншылып.
Әдемі қала бояуы ағып,
Нөсерге жатты малшынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киікөлген өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Киікөлген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киікөлген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киікөлген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері