Нұрландырса өміріңді сан арман – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Нұрландырса өміріңді сан арман» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1232
Нұрландырса өміріңді сан арман,
Қуанасың ұрпағыңа жаралған,
Күн қыздырса, егілген дән көктеген,
Жауын жауса, қара жер де нәр алған.

Бозбаланың дұрыс шықса есебі,
Әже болса бойжеткендер кешегі,
Бұл күнді де аман-есен көрдік деп,
Тәуба қылсаң, көңіл шіркін өседі.

Алыстарға жетелесе жол басы,
Ұрпақ деген ата-ананың жалғасы,
Бір толқынды толқын қуып келесі,
Құрғамайды тіршіліктің арнасы.

Жолаушымыз бәріміз бір кемеде,
Бұл дүние екі айналып келе ме?!
Ден сау болып, қуантсын тек біздерді
Бұл ғұмырды ұзартатын немере.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрландырса өміріңді сан арман өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Нұрландырса өміріңді сан арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрландырса өміріңді сан арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрландырса өміріңді сан арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері