Қаратау – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Қаратау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1020
О, Қаратау! Бұлдыр-бұлдыр, бұлыңғыр,
Ойым – ақшам, кеудемде ауыр іңір жүр.
Тас көтеріп тамыр жеген түсіме,
Бабаларым ауық-ауық кіріп жүр.
Қоғамыма көңіл қалды өкпелеп,
Шөп күркемді тіктім саған шеткерек.
Пенделердің пейілінен түңілгем,
Маған анау тобырлардан жоқ көмек.
Күздің айы сыңсығанда құс үні,
Қалтыратып қарашаның үсігі.
О, Қаратау! Саған сүйеп басымды,
Есіме алам баяғы ауыл түтінін...
Ауыл қалған, алақаны апамның,
Еске түссе еңсемді ауыр басар мұң.
О, Қаратау! жан жарасын жанымның,
Сенің жақпар жартасыңа қашармын.
Селеу қырдың селтеңдейді ақ шашы,
Күрсінеді күннің көзін тат басып.
Мен түсімде сенде жүрем ғасырдың,
Ортасынан ақ боранын ап қашып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаратау өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Қаратау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаратау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаратау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері