Талшыбық – Бимырзаева Әсел Маханбетқызы

Бұл бетте «Талшыбық» атты Бимырзаева Әсел Маханбетқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, талшыбық, сен өзгерт ұғымыңды,
Кешегі бабаңның сыры мұңлы.
Асау ғұмыр тасқыны басылды енді
Лайлатпа ешкімге тұнығыңды!

Біз жетпеген биікке сен жетерсің,
Сол үшін шыңда шалқар біліміңді.
Көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ
Еңселі еліңе арна іліміңді!

Біздегі рух рухы теңселудің,
Емі қиын ес жиып еңсерудің.
Мен сонау аласапыран кезде тудым,
«Болашақ»деп бекідім,белді будым!
Сондада қиын маған сен болмасаң
Өйткені сен тәуелсіз елде тудың!

Еркін рух өзіңнен басталады,
Асқақтасын Алаштың асқақ әні!
Сен еркінсің, біз көрген бодандықтың
Нысада қалмаған тас қамалы!


Бимырзаева Әсел Маханбетқызы
Түркістан қаласы
№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талшыбық өлеңінің авторы кім?

Бимырзаева Әсел Маханбетқызы — осы өлеңнің авторы.

Талшыбық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талшыбық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бимырзаева Әсел Маханбетқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талшыбық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері