Оралғанда – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Оралғанда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2791
Арада өткен күнді есепте,
Көп жыл бойы біз көрмедік.
Көп жыл бойы көрмесек те,
Бұрынғыдан өзгермедік.
Қайта, өткен бұл жылдары
Арта түсті жалынымыз.
Аша алмады арамызды
Боранды қыс, жауынды күз.
Аша алмады арамызды
Жау бомбасы күркіреген;
Қанды дауыл қара үзді,
Қайтаоралдым күлкіменен.
Бұл жылдары шамалады
Сын үстінде әркім өзін.
Қатал едім майдандарда,
Қайта оралды бал мінезім.
Аңсадың ғой, білем мені,
Алыс жүрген кездерімде.
Жасырсаңда, сағынышың
Жазулы тұр көздеріңде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралғанда өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Оралғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері