Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа,
Бейбітшілік – жас сәби мен әз ана.
Кім жылатса осыларды, сен соны –
Ей, уақыт, жазала!..
Бейбітшілік – үлбіреген аппақ гүл,
Аяламай, кетпек оны таптап кім.
Жылайтындай кейбір шақта бұлттанып,
Өлгендерді жоқтап күн.
Бейбітшілік – әнім менің табынар,
Әні бардың атар алау таңы бар.
Айтсам ашық мынау жердің бетінде –
Ол бар болса бәрі бар!
Бейбітшілік – бұлақ күлкім, көңілім,
Туған жердің тіліп аққан өңірін.
Бір сабақта тұрған жырлап, үзілмей
Жапырақтай өмірім…
Бейбітшілік – мен сүйетін бұл күнгі ән,
Көкірегімде толқындайын бұлқынған.
Бейбітшілік деген сөзбен Отаным –
Егіз ұлдай бір туған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейбітшілік – мен жұтатын таза ауа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері