Сұңқарым! – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сұңқарым!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 800
Сұңқарым!
Танимын ғой шаңқылыңнан,
Таймайсың кеңістікке шарқ ұрудан.
Таймапсың, ту бұлттарды тіліп өтіп,
Басқаша бір қияға талпынудан.
Өзгеден бөлек сенің өз дауысың,
Туғансың тұнық сезім қозғау үшін.
Үніңді таңғажайып естігенде,
Елітіп жанатындай маздар ішім.
Өз демің өз кеудеңе көрік басып,
Кеттің бе өзгеріп шын, толып-тасып?
Өзгеден өзім көрген алабөтен,
Өртендім, ерлігіңе болып ғашық.
Атқылап ойнақ салған жыры қанда,
Қанатты қағысынан сыр ұғам ба?
Тынайын армансыз боп, текке жанбай,
Болмаса тастап жібер, бүріп ал да…
Сұңқарым, танимын ғой дауысыңнан,
Бұлт кескен қанатыңды қағысыңнан.
Дәл сендей табиғаттың тағысына,
Қарауға жердегінің сағы сынған.
Дауысың дауыстардың ең асқағы,
Өмірің жұмбақ маған таластағы.
Сұңқардың моласы жоқ, мекені оның –
Құзар – шың, биік асқар, көк – аспаны!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұңқарым! өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сұңқарым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұңқарым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұңқарым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері