Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 536
Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп,
Таңғы шықтай көңілменен шын сенген.
Сүйе тұрып, сүймес ем ғой ертерек,
Опасыз жан екеніңді білсем мен.
Дерт жүректі жазады енді кім емдеп,
Өрт шалғандай, өзегімнен күрсінсем.
Кек алғандай көздеріңнен «білем» - деп,
Ту сыртымнан шеге қағып тұрсың сен.
Ботадаймын... жанарыңның жайы ұрған,
Теңселемін, тайғандай-ақ тірегім.
Кеше ғана жапырақтай жайылған,
Солып қапты мені сүйген жүрегің.
Елпілдемей, ерініп тіл қатасыз,
Көздеріңе көз салдым ғой бекер кеп.
Ойлай берем... сені өмір, опасыз,
Опасыз ғып жіберді ме екен деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері