Арманыма алдағы жол ашқандай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Арманыма алдағы жол ашқандай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Арманыма алдағы жол ашқандай,
Талғамыңа таласым жоқ ешқандай.
Менің жыртық көңіліме жарық құйдың,
Жыртық бұлттан көрінген көк аспандай...
Жолға шыққым келмейді сені еске алмай,
Биік қандай, білесің, белес қандай.
Өзіңе ұқсап, басқалар ақылына
Таңдандыра алмайды мені ешқандай.
Жалған жүрек бір кезде суынар ма,
Жылынар ма мұң қосып мұңы барға.
От ойнайды ішімде шың басынан
Түскен сәуле сияқты шыңырауға...
Тұла бойым көктемде тұрады еріп,
Бара жатыр толқынын бұлақ өріп.
Менің жаным жерге ұқсас, түскен дәнің
Күні туса, жарыққа шығады өніп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арманыма алдағы жол ашқандай өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Арманыма алдағы жол ашқандай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арманыма алдағы жол ашқандай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арманыма алдағы жол ашқандай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері