Кешкі сурет

Бұл бетте «Кешкі сурет» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Аппақ шуақ шашылғандай шат күлсең,
Көкірегімнен ақ таң болып аттың сен.
Астыңа бір алтын жалды ат мініп,
Кешкі күнге кіріп бара жаттың сен...
Жас жанымды мазалайтын сан сұрақ,
(Қалған көңіл есін жиды қансырап).
Атқан таңым бара жатқан сияқты
Кешкі күнге атын сипай қамшылап.
Ту сыртыңнан толқып тұрдым қуанып,
Сол бір сәтке туған жерді куә ғып.
Сурет көрдім иінағашпен Ақсудан
Үйге қарай қайтқан кезде су алып.
Тұла бойды бойлап кетті діріл жай,
Тұңғыш діріл балалықтың сырындай.
Кешкі күннің шапағына шомылып,
Тура тарттың еш жаққа да бұрылмай.
Шұғылалы ыстық сезім бойды алып,
Жер теңселіп, кетті басым айналып.
Астына бір алтын жалды ат мінген
Сағынышқа бара жаттың айналып...
Табынғандай болдым алау отқа кеп,
Ғашық сезім сияқты екен «соқпа дерт».
Көкжиекке тұрдым үнсіз ұзатып,
Тілім келмей айғайлауға тоқта деп.
Бізден алыс қонған екен бақ білсем,
Қай отаудың от-шырағын жақтың сен?
Күнмен бірге көкжиекпен көзімнен
Көкірегіме көшіп бара жаттың сен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешкі сурет өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кешкі сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешкі сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешкі сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері