Өлеңнің аққан көзі едім

Бұл бетте «Өлеңнің аққан көзі едім» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6227
Қайыңның қатты безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім!
Сөйлер сөзге келгенде,
Шебердің құрған тезі едім!
Есіткендерді емірентіп,
Өртедім оттай өзегін!
Талай жерді таңдантып,
Қызыл тілді безедім!
Алшаңдаған Базар ем,
Амалым қанша, бір күні
Кездесер нәубет кезегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңнің аққан көзі едім өлеңінің авторы кім?

Базар Оңдасұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлеңнің аққан көзі едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңнің аққан көзі едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Базар Оңдасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңнің аққан көзі едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері