Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын

Бұл бетте «Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 730
Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын,
Ойлармен аунай берем, таусыламын.
Ұйқыға кетерімде сені ойладым,
Жаңбырдың естіп жатып тамшыларын...
Алдыңнан шыға алмадым үлбіреп мен,
Жанымда, жүрегімде тұрды көктем.
Күрсініп, сені ойладым, көз жасындай
Бір жұлдыз ағып түссе түнгі көктен...
Ойым жоқ сені ойлаудан басқа менің,
Не деген қатал едің, асқақ едің.
Қолыма құдірет күші ерік берсе,
Басқаша мен өмірді бастар едім...
Дәрменсіз сені ойладым босқа жүдеп,
Бір кезде жақындауға жасқанып ек.
Сүйгенім өзге адам, өзге өмір,
Соққандай көкірегімде басқа жүрек...
Дүркіреп өмір деген өтер бір күн,
Бөтен жыр, бөтен орта, бөтен күлкім.
Сені ойлап жапсам егер жанарымды,
Өз бейнең жанарымда кетер мүмкін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері