Серт – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Серт» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1422
Заңғар тауларға қараймын,
қараймын шырқау шыңдарға.
Алдымда өмір — ақ айдын
мені де салар сындарға.
Ұмтылсам алға жасымнан,
армандай шыңға шығармын.
Ерлікпен даңқын асырған
ержүректерге ұланмын.
Сүйсінер маған жұрт әлі,
арманым — асқақ шың асқар.
Мен үшін өнер шырқауы –
Бибігүлдер мен Күләштар.
Аялап күтіп мені елім,
сәулесін шашты нұр таңдар.
Мен үшін ерлік дегенің –
Бауыржандар мен Сұлтандар!
Жаныма содан от алдым,
ерлікке баулыр далам кең.
Батырлар өскен Отанның
өркені боп қалам мен!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серт өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Серт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері